1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакциналау басталады - Exclusive
Поддержать

1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакциналау басталады

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 1 қазаннан бастап елде тұмауға қарсы вакциналау жұмыстары басталатынын айтты.

– Біз жыл сайын тұмауға қарсы вакциналау жұмыстарын эпидемиялық маусымға дейін бастаймыз, – деді Есмағамбетова.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымының басталуына жақын қалған, осыған байланысты алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, бюджет есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды. 1 қазанда халықты вакциналау науқаны басталады.

– Жұмыс берушілермен өз қаражаты есебінен өз қызметкерлерін егу үшін жұмыс жүргіземіз, өйткені ауру демалысын төлегеннен гөрі ауырмаған жөн. Сонымен қатар, тұрғындар өз қаражаты есебінен вакцина салдыра алады. Орташа алғанда, баға айтарлықтай өзгерген жоқ. Өткен жылы бұл шамамен 3 мың теңге болатын, биыл біз жеке секторда бұл вакцинаның қанша тұратынын әлі білмейміз, – деді Айжан Есмағамбетова.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.