«10 данасы – 600 теңге»: Қазақстанда жұмыртқа бағасы қымбаттады
Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өскенін мәлімдеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құны жыл басынан бері 20,1%-ға өскен.
Өткен аптада бірінші санаттағы жұмыртқалардың бағасы айтарлықтай өсті. Кейбір азық-түлік дүкендерінде он дана жұмыртқаның бағасы 600 теңгеге дейін жетеді.
18 қазандағы жағдай бойынша қарақұмықтың бір килограмы орташа есеппен 524 теңге, картоп – 152 теңгені құрады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада мына азық-түлік тауарлары арзандады:
пияз-2,6%;
сәбіз-1,7%;
картоп-0,9%.
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.