English version

«117 мың»: ​​Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Контекст дня — 20 июля 2022 14:30
0 -1

Қазақстанда 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 469 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам сома зейнетақы төленді. 2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 79,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 182,6 млрд теңге бағытталды, – делінген хабарламада.

Ведомство 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 247 мың адам екенін мәлімдеді.

Осылайша 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 117 469 теңгені құрады.

Фото: Турар Казангапов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.