12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
12 маусымда Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз, – деді Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суреттерін жариялаған еді.
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.