English version

12 жылға сотталған экс-министр сотқа апелляциялық шағым түсірді

Контекст дня — 2 апреля 2023 18:10
0 -1

12 жылға бас бостандығынан айырылған ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов сот үкіміне шағым түсірді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Үкім заңды күшіне енген жоқ. М. Бектанов пен оның адвокаты А.Н. Подушкин шағымданды. Іс әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына жіберілді, – деп хабарлады қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот ҚазАқпараттың сауалына жауап беріп.

Айта кетейік, экс-министрге 2023 жылдың 24 ақпанында үкім шығарылды. Мұрат Бектанов ҚР ҚК 451-бабының 3-бөлігі «билікті асыра пайдалану» бабы бойынша айыпталған.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.