English version

«120 798 теңге»: Еңбек министрлігі елдегі орташа зейнетақы мөлшерін атады

Контекст дня — 24 апреля 2023 14:30
0 -1

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сәуір айындағы есеп бойынша елдегі орташа зейнетақы мөлшерін атады.

– 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге болды, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ министрлік 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылатынын атап өтті.

Фото: Т. Қазанғапов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.