17 жеңіс: Қазақстандық боксшы кезекті рет жеңімпаз атанды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек Англияда өткен бокс кешінде мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Колумбиялық Виктор Хулиомен (17-11, 9 КО) күш сынасқан Сұлтан Зәуірбек (17-0, 12 КО) сегіз раундтан тұратын жекпе-жектің соңына дейін жетіп, төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.
Сұлтан Зәуірбек – 26 жаста. Боксшы 1996 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Фото: instagram/sultanzaurbek
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.