171 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған – ҚМА - Exclusive
Поддержать

171 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған – ҚМА

Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті тергеп жатыр.

– Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн.теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады, – делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *