English version

2025 жылы Қазақстанда «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді

Контекст дня — 19 мая 2023 14:50
0 -1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөз сөйлеп, маңызды мәселелер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бүгінгі саммит көне Сиань қаласында өтуде. Мұның зор символдық мәні бар. Өйткені Ұлы Жібек жолы осы жерден бастау алған. Біздің елдеріміздің өткен тарихы, бүгіні және болашағы осы жол арқылы тығыз байланысып жатыр. Сиань – Қытайдың бай тарихи-мәдени мұрасын, сонымен қатар кемелденген күш-қуатын әйгілеп тұрған қала. Қытай – әлемдегі аса ірі инвестор және жаһандық экономиканың көшін бастап тұрған мемлекеттердің бірі. Сондықтан Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның орнықты дамуына мүмкіндік береді. Орталық Азия елдерінің әлеуетін Қытайдың орасан зор экономикалық қуатымен ұштастыру аса маңызды. Бұл қадам көп қырлы серіктeстігімізге тың серпін берері сөзсіз. Біздің еліміз осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын, – деді Тоқаев.

Мемлекеттер басшылары «Орталық Азия – Қытай» саммитінің қорытындысы бойынша Сиань декларациясына қол қойды.

Айта кетейік, келесі саммит 2025 жылы Қазақстанда өтеді.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.