2026 жылы IT-қызметтерінің экспорты 1 млрд долларға жетеді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жиын өткізіп, IT-саланы дамыту аясында жаңа міндеттерді іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Смайылов, қазіргі таңда IT-индустрия – әлемдік экономикадағы ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ IT-қызметтерінің экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізу жоспарланғанын айтты.
«Президент өз Жолдауында 2026 жылға қарай IT-қызметтерінің экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізуді тапсырды. Бұл – нақты іске асыруға болатын міндет», — деді Әлихан Смайылов.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.