English version

2029 жылға қарай экономика көлемін 450 млрд долларға арттыру міндеттелді

Контекст дня — 25 ноября 2023 16:30
0 -1

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстан Үкіметінің алдында 2029 жылға қарай экономика көлемін $450 млрд-қа, яғни, екі есеге арттыру бойынша ауқымды міндет тұр.

– Үкімет экономиканың өсу серпінін сақтау және елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайды. Біз шетелдік әріптестерімізді Қазақстандағы жобаларға инвестиция салуға шақырамыз, – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Фото: Ukimet


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.