2030 жылға қарай Қазақстан аумағынан өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға жетеді

2030 жылға қарай Қазақстан аумағынан өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға дейін жетеді.
Жаһандық жүк тасымалының қайта бөлінуіне байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік дәлізініңинфрақұрылымына жүктеме артты, бұл өз кезегінде «тар» жерлерді анықтауға мүмкіндік берген, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір баламалы көлік дәліздерін дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– 2022 жылдың қарашасында Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия өкілдері бір мезгілде осы «тар» жерлерді жою және 2027 жылға дейін TMTM бағытын дамыту үшін «Жол картасына» қол қойды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде теңіз инфрақұрылымын дамытудың, оның ішінде Құрық портын толыққанды логистикалық кластер ретінде қалыптастырудың кешенді жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп жазылған ресми хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.