40 млн теңге пара: Генерал-майор Биляловқа қатысты тергеу аяқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Exclusive.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілген.
Айта кетейік, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Агенттік Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін атап өтті.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.