5 кеншінің өмірін жалмаған «Қазақстан» шахтасы жұмысын тоқтатты
Қарағанды облысындағы 5 кенші қаза тапқан «Қазақстан» шахтасы жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта шахтада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Өндірушілердің «Қорғау» кәсіподағының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 600-ге жуық жұмысшы басқа шахталарға жұмысқа орналастырылған.
Еске салайық, 17 тамыз күні Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан еді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.