«58 жас»: Депутат әйелдердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды - Exclusive
Поддержать

«58 жас»: Депутат әйелдердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды

Сенат депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды.

Дана Нұржігіт депутаттық сауалында әлеуметтік желілер арқылы күн сайын оннан астам өтініш келіп түсетінін атап өтті.

– 2015 жылы зейнетке шығу жасын өзгертуге қатысты заң қабылданған кезде Қазақстандағы орташа жас негізге алынды. Ол кезде 73 жас еді. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жас деп қабылданды. БҰҰ деректері бойынша Қазақстанда 2022 жылы өмір сүру ұзақтығы – әйелдер үшін 78 жас, ерлер үшін 70 жас. Алайда, пандемияға байланысты бұл көрсеткіштер өзгерді. Бүгінгі таңда қандай болжамдар бар екендігі туралы нақты ақпарат жоқ. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2020 жылы өлім-жітім 2019 жылмен салыстырғанда 22% – ға өсті. Кейінгі жылдары бұл процесс тоқтаған жоқ. Осылайша, әлемдік болжамдарға негізделген 2015 жылғы зейнетақы реформасы Қазақстандағы бүгінгі жағдайға мүлдем сәйкес келмейді. Жеті жыл бұрын әлемде қарт адамдар саны артып, еңбекке қабілетті адамдар саны азаятыны айтылды. Алайда, пандемияға, әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа байланысты бұл болжамдар дұрыс емес.

– Біз соңғы уақытта Үкімет зейнетақы саласының мәселелерін қарастырып жатқанын және ауыр жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетақы жасын қайта қарайтынын білеміз. Менің ар-ұжданым әйелдердің зейнет жасын өзгерту туралы тілектерін айтпауға мүмкіндік бермейді. Осы өтініштерге сәйкес, әйелдер үшін зейнет жасын – 58 жас деп белгілеуді сұраймын. Егер әйел одан әрі жұмыс істеуге дайын болса, онда бұл оның еркіне байланысты, – деді Дана Нұржігіт

Айта кетейік, қазір Қазақстанның заңнамасы бойынша ерлер үшін зейнет жасы 63, әйелдер үшін — 60,5.




1 Комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

  1. Дана ханым 58 жасты қолдаймын,18 жасымнан шаруашылықта жұмыс істедім. Денсаулығым жоқ, амалым жоқтан жұмыс істеп жүрмін.Мен сияқты әйелдер ауылда көп. Пандемияның әсерінен денсаулығымыз нашарлап, есте сақтау қабілетіміз бен көз жанарымыздың төмендегенін назарда ұстасаңыздар.