Ya Metrika Fast


English version

597 миллион доллар: Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы өсті

Контекст дня — 26 сентября 2023 14:30
0
Изображение 1 для 597 миллион доллар: Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы өсті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Раисы Рустам Миннихановты қабылдап, кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанмен арадағы экономикалық ықпалдастық ауқымы жөнінде Татарстан Ресей өңірлері арасында жетекші орынға ие.


– Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді және Ресей Федерациясымен көпжақты қарым-қатынасымызда маңызды рөл атқарады деп айтуға толықтай негіз бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өсіп, 597 миллион доллардан асты. Машина жасау саласында «Татнефть», «КАМАЗ» компанияларының қатысуымен ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұдан да бөлек жобалар бар, – деді мемлекет басшысы.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.