61 жастағы Мейрам Қажыкен президент сайлауына қатысады
Мейрам Қажыкен «Аманат кәсіподақтар достастығынан» кезектен тыс президент сайлауына кандидат болып ұсынылды.
Қажыкенді президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы шешім кәсіподақтар Достастығының орталық және атқарушы комитеттерінің бірлескен отырысында қабылданды.
Мейрам Қажыкен – Павлодар облысының тумасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры, Yntymaq партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі.
Мейрам Қажыкен «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеулер институтын басқарады.
2015 жылдың қаңтар айында қазіргі заманғы қоғамды зерттеу институтының директоры болып тағайындалды.
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.