Ya Metrika Fast


English version

650 млрд теңге: Антикор Сатыбалдыға қатысты тың мәліметтерді жария етті

Контекст дня — 10 января 2024 15:35
0
Изображение 1 для 650 млрд теңге: Антикор Сатыбалдыға қатысты тың мәліметтерді жария етті

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 млрд теңгеден астам қаражатты қайтарды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдыға қозғалған «қылмыстық жолмен алынған кірісті жымқыру» фактісі бойынша бір қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Сондай-ақ «салықтан жалтару» бойынша тағы бір іс бойынша тергеп-тексеру амалдары аяқталмаған.


– Бүгінгі таңда Қайрат Сатыбалдыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі – «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)» бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. – Ред.) қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату фактісі бойынша.Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен табылған қаражатты пайдаланып, әртүрлі мүлікке, соның ішінде шетелде де иемденіп, Қазақстандағы және шетелдегі банк шоттарына ақша салған. Қазір бұл іс сотқа өтуге дайындалып жатыр, – деді Тілеукенов.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.