7 жылға сотталған Хаменова сот шешіміне шағымданды
Пара алды деген күдікпен бас бостандыған айырылған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сот шешіміне шағымданды.
Атырау облысы сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменова мен оның қорғаушысы апелляциялық шағым беру арқылы бірінші сатыдағы соттың шешіміне қарсы шыққаны туралы ақпаратты растады.
– Бірінші сатыдағы сотқа оның адвокаты Вранчев Хаминовадан апелляциялық шағымдар түсті. Бірақ іс әлі сот қарауына түскен жоқ, – деп жауап берді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, 15 қараша күні Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкіміне сәйкес, Хаменова 14 жасқа толмаған баласы болуына байланысты жазасын 3 жылдан кейін қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Ол сот залынан үйіне жіберілді.
Үкім жарияланғаннан кейін Хаменова сот залынан босатылды. Айта кетейік, сот тергеуі жүріп жатқан кезде облыс әкімінің бұрынғы орынбасары қамауда болған.
Фото: Азаттық

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.