73 жастағы ұлытаулық ақсақал әлемді жаяу аралайды
Ұлытау облысының тұрғыны Сәрсенбай Қотырашев әлемді жаяу аралауға аттанбақ, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ақсақал былтырғы жылы Қазақстанның барлық өңірлерін жеті айда жаяу жаяу жүріп өтті. Сәрсенбай Қотырашев әлемді аралау үшін 2 тамыз күні жолға шығады.
– Мен қайтадан байланыстамын, достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатқа шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асығудамын. Ештен кеш жақсы демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім. Соған байланысты кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен, мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет, – деп жазды Сәрсенбай Қотырашев Instagram парақшасында.
Ақсақал Қазақстанды толық аралау үшін 8000 шақырым жол жүрді. Ол өзінің саяхатының басты мақсаты – туған өлкесі Ұлытауды танымал ету екенін айтты.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.