81,31% дауыс: Тоқаев сайлауда жеңіске жетті
Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясының есептеулеріне сәйкес кандидаттардың қанша дауыс жинағаны белгілі болды:
Қарақат Әбден – 2,6%
Нұрлан Әуесбаев – 2,22%
Жигули Дайрабаев – 3,42%
Мейрам Қажыкен – 2,53%
Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%
Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%
Барлығына қарсымын – 5,8%.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстандағы 11 миллион 953 мың 463 сайлаушының 8 миллион 300 мыңы немесе 69,4 пайызы дауыс беруге келгенін мәлімдеді.
Айта кетейік, 20 қараша күні Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша exit poll нәтижесі жарияланды.
Экзитпол нәтижесі:
Қарақат Әбден — 2,54%
Нұрлан Әуесбаев – 2,17%
Жигули Дайрабаев — 3,33%
Мейрам Қажыкен — 2,23%
Қасым-Жомарт Тоқаев — 82,45%
Салтанат Тұрсынбекова — 2,08%
Бәріне қарсымын — 5,2%.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.