8 маусымнан бастап вакциналау мен ПТР растау талаптары жойылады - Exclusive
Поддержать

8 маусымнан бастап вакциналау мен ПТР растау талаптары жойылады

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады.

– Биыл 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну талабы жойылады. Республиканың жеті өңіріндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада.

Фото: Голос Америки




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.