Байбектің Стамбул әуежайындағы бейнежазбасы тарады - Exclusive
Поддержать

Байбектің Стамбул әуежайындағы бейнежазбасы тарады

Алматының бұрынғы әкімі – Nur Otan (қазіргі-Amanat) партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркияда екені анықталды.

Бейсенбі күні Стамбул әуежайындағы Бауыржан Байбектің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таралды.

ҚазТАГ дереккөзінің мәліметінше, Байбек отбасымен Дубайға дейінгі рейстік ұшаққа билет алған.

Экс-президент Назарбаевтың серіктестері мен туыстарының көпшілігі БАӘ-де екені айтылды. Айта кетейік, Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек Түркияда.

2 ақпан күні Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кеткенін мәлімдеді.

– Қандай қызмет атқарсам да, қай салаға жауапты болсам да, мен әрқашан Отанымыздың Тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда ішкі саяси тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге, ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға өзімнің үлесімді қосуға тырыстым. Өз жұмысымда ашықтық және жауапкершілік қағидаларын басшылыққа алдым. Ар-намыс, сөзге беріктік және іске адалдық деген ұғымдар мен үшін әрқашан бірінші орында болды, — деп жазды ол.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.