Қазақстандықтар сиыр еті мен қой етінің орнына тауық етін сатып алып жатыр
Қазақстандықтар сиыр еті мен қой етін сатып алуды азайтқан, орнына тауық етін көбірек сатып алып жатыр. Бұл туралы Data Hub Бірінші кредиттік бюро хабарлады.
– Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың 4 айында ішкі нарықта 139,9 мың тонна ірі қара мал еті сатылды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға немесе 4,6 мың тоннаға аз. Шошқа етін сату 8,7%-ға немесе 2,4 мың тоннаға төмендеді: сәуір айының қорытындысы бойынша сатылған өнімнің жалпы көлемі 25,2 мың тоннаны құрады. Қой мен ешкі етін сату 4,3%-ға дейін төмендеді. Бірақ құс етін сату 129,5 мың тоннаға дейін (+10,1% немесе 11,8 мың тонна), жылқы етін сату 37 мың тоннаға дейін (+8,6% немесе 3 мың тонна) өскен, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ жылқы етін және құс етін өндіру бойынша деректер келтірілді. Бір жыл ішінде (2022 жылдың сәуір айының соңында) тауық бағасы 28,8%–ға, ал жылқы еті 16,9%-ға өскен. Бір жыл ішінде сиыр етінің бағасы 9,2%–ға, ал ет пен ет өнімдеріне 14,4%-ға өскен.
Комментариев пока нет