Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы елу пайызға өсті
Поддержать

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы елу пайызға өсті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, әлеуметтік сала қызметкерлерінің қоғамдағы маңызы туралы айтты.

«Әлеуметтік сала қызметкерлері ерекше қажеттілігі бар жандарға, егде жастағы тұрғындарға, тұрмысы төмен адамдарға және көмекке, сол сияқты қамқорлық пен мейірімге мұқтаж адамдарға көмектеседі», — деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Елордада оңалту орталықтарының санын ұлғайту, әлеуметтік орталықтардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, жұмыс орындарын құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан Көлгінов биыл әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 50%-ке дейін өскенін жеткізді.

«Мысалы келесі жылы тағы бір оңалту орталығын салуды жоспарлап отырмыз. Биыл әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 50%-ке дейін өсті. Енді 2022 жылдан бастап 25%, 2023 жылдан бастап тағы 25%-ке ұлғайту жоспарланып отыр», — деп жазды ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *