Ұлттық халық санағын жүргізудің себебі не?
Поддержать

Ұлттық халық санағын жүргізудің себебі не?

Халықаралық стандарттар мен жалпы қабылданған тәжірибеге сәйкес, халық санағы әр онжылдықта жүргізіледі. Бұл халық санағын өткізу мерзімдерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, алдағы онжылдықтағы нәтижелерді қорытындылауға мүмкіндік береді. Соңғы санақ 2009 жылы болды, қазіргі санақ 2019 жылға жоспарланған, бірақ коронавирустық пандемия жағдайындағы белгісіздікке байланысты ол 2021 жылға ауыстырылды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Жалпы, халық санағы үш кезеңнен тұрады: 2018-2020 жылдар аралығында өткен дайындық кезеңі, негізгі (2021 ж.) кезең және 2022-2023 жылдарға жоспарланған соңғы кезең. Ақпарат жинау алдында әдетте ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұдан кейін деректерді өңдеу және талдау, сондай-ақ, біріктірілген ақпаратты жариялау сынды аса маңызды зор жұмыс атқарылады.

28 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, халық санағы 18 663 838 адамды немесе халықтың 98,1 пайызын қамтыды. Яғни, 361 мыңға жуық адам немесе елдің 1,9 пайызы қамтылмай қалған. Дегенмен, тек 28 қазанда ғана 552 мыңнан астам адамнан сауалнама алынған, қалған 361 мың адамға сауалнама жүргізу – орындалатын тапсырма.

Облыстық тұрғыда ең жоғары қамту Алматы қаласында тіркелді – 108,9% немесе 2 183 534 адам. Ұқсас жағдай Жамбыл (102,2%), Алматы (102,1%), Түркістан (101,5%), Шығыс Қазақстан (101,1%) облыстарында және Шымкент қаласында (101,4%) қалыптасқан. Бірақ бұл ретте санақ әдістемесі аясында тұрақты тұрғындардан бөлек, санақ барысында елден уақытша кеткендер, сондай-ақ, елде болған резидент еместер сауалнамаға қатысқандығын түсіну маңызды.

Ұлттық халық санағын жүргізу үш әдіс бойынша іске асып жатыр:

Бірінші әдіс – sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама жүргізу. Сайт өзіңіздің және сіздің отбасы мүшелеріңіздің санақтан өздігінен өтуі үшін тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бастапқы деректерді автоматты түрде енгізу мүмкіндігі бар, бұл сауалнаманы толтыру уақытын қысқартады әрі толтыру кезінде қателерді мүмкіндігінше болдырмайды. 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында онлайн санаққа қолжетімділік ашылды.

Екінші әдіс – 1 қазаннан 30 қазанға дейін онлайн санағын аяқтамаған сұхбаткерлер арасында жүргізілетін дәстүрлі үздіксіз халық санағы. Бұл ретте, сауалнама жүргізушілер кірістірілген арифметикалық және логикалық басқару элементтері бар электронды планшеттермен жабдықталған.

Үшінші әдіс – 8 қарашаға дейін жалғасатын сұхбаткерлердің 10%-н бақылау мақсатымен аралау. Бұл қадам деректердің қамтылуы мен дәлдігін тексеру үшін қажет.
Сауалнамаға 87 сұрақ кіреді: 67 негізгі және 20 нақтылау сұрақтары. Алайда eGOV-пен интеграцияның есебінен іс жүзінде адам орта есеппен 50 сұраққа жауап береді. Сұрақтарды құрастыру кезінде Ұлттық статистика бюросының мамандары халықаралық стандарттарды да, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің «сұр дақтарын» да басшылыққа алды.

Сауалнаманың арнайы әзірленген сұрақтары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен нәресте өлімі (кәсібі/табыс деңгейі/тұрғылықты жері) арасындағы себептік байланысты қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл саясаткерлерге дұрыс және негізді экономикалық саясат шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда халық санағының нәтижелерін қолданудың бір ғана ықтимал жағдайы қарастырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік және шаруашылық жоспарлаудың көптеген өзекті мәселелері бар: Еліміздің қай елдімекенінде қанша мектеп, балабақша, аурухана салу керек? Бір жылдан кейін, 5, 10 жылдан кейін халықтың жас және жыныстық құрылымы қандай болады? Қанша жұмыс орнын болжау керек? Мемлекеттiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн орындауға бюджет шығыстары қандай болмақ? Азаматтардың жайлы өмiр сүруi үшiн қанша шаршы метр қажет?

Сұрақтардың жеке үлкен блогы халықтың денсаулығының параметрлеріне қатысты. Қазақстанда балалар мен сәбилер өлімі мәселесі әлі де өзекті болып отыр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.