Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады
Поддержать

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады

Қазақстанда күнбағыс майы жыл басынан бері шамамен 30%-ға және бір жылда 56%-ға қымбаттады. Сарапшылар тазартылмаған күнбағысы майының өндірісі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға аз екенін айтады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

— 2020 жылы Қазақстанда 2019 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға артық, яғни 351,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. 2021 жылдың қазан айында еліміздің дүкендері мен базарларында күнбағыс майының бір литрін 767 теңгеге сатылып жатыр. Бұл бір жыл бұрынғыдан 56,2%-ға қымбат. Бір айда баға 0,3%-ға, жыл басынан бері 29,9%-ға өскен, — деп жазды Energyprom.kz сарапшылары.

Қазақстанның ірі қалаларының ішінде күнбағыс майының бір литрі ең қымбаты – Атырауда тіркелді(836 теңге), ең арзаны – Петропавлда тіркелді (664 теңге).

Күнбағыс майының бағасы қымбаттаған өңірлер:

БҚО-да бірден 71,7 пайызға, Қостанай облысы – 70,9 пайызға, Ақмола облысы – 69,8 пайызға өскен.

Ең аз өсім Қарағанды облысы мен елордада тіркелген, 44,3%-ға баға өсімі тіркелген.

Сарапшылардың болжамы бойынша, Қазақстанда алдағы бір жарым айда күнбағыс майының литрі 100 теңгеге арзандауы мүмкін. Бұған Ресей мен Украинадағы күнбағыстың жоғары өнімділігі ықпал ете алады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *