Өзбекстан салт-дәстүрін насихаттаудың жаңа әдісіне көшті
Поддержать

Өзбекстан салт-дәстүрін насихаттаудың жаңа әдісіне көшті

Өзбекстан Мәдениет министрлігі қызметкерлеріне төбетей киюге бұйрық берді. Бұл туралы ведомство басшысы Озодбек Назарбеков мәлімдеді. Бұл ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау мақсатында жасалған.

– Әр халықта ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, құндылықтарға құрмет болатыны тарихтан белгілі. Атап айтсақ, халқымыздың бас киім, беқасам шапан, жібек белбеу сынды ұлттық киімдері бүгінде де құндылығын жойған жоқ. Осы құндылықтарды ұстанып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін жаңа бастаманы қолға алдық. Қазір Мәдениет министрлігінің қызметкерлері жұмыс орнында өзбектің ұлттық бас киімі болып табылатын бас киімді киіп жүр, – деді ол.

Назарбеков барлық сала өкілдерін, шығармашылық адамдарын, патриоттарды қарамағындағылардан үлгі алуға шақырды. Бұл шара елдің Конституциясы күніне орайластырылды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *