Лукашенко жаңадан "Кеңес Одағын"құру туралы айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко Түркияның TRT телерадиокомпаниясына берген сұхбатында екі елдің Ресеймен жаңа Одағында Еуропалық Одақтың барлық қателіктері ескеріліп, Кеңес Одағының барлық оң жақтарын қалдыратынын айтты.
– Бұл одақ неғұрлым дамыған және тұрақты болады. Біріншіден, біз Еуропалық Одақтың барлық қателіктерін қайталамауды ескереміз, оң тәжірибесін пайдаланмыз. Екіншіден, біз біртұтас мемлекеттен — Кеңес Одағынан шықтық, сол жерде көп нәрсені көрдік, – деді ол.
Лукашенконың айтуынша, одақ өз алдына 25 немесе 30 жылға арналған жоспарлар қоймайтынын да баса айтты.
– Біз 25-ші, 30-шы немесе бір жыл ішінде ешқандай мақсаттар қоймаймыз. Біз мәселелерді біртіндеп шешеміз, – деді Беларусь басшысы.
Комментариев пока нет