Атырау облысының әкімі Хаменованың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменеваның ұсталуына қатысты пікір білдіріп, орынбасарының кінәсіне сенетінін немес сенбейтінін нақты айтпады.
– Мен тергеу жүріп жатқан кезде иә не жоқ деп айта алмаймын. Әрине, бұл менің көңіліме тиді. Хаменеваның орнында әлі ешкім жоқ. Өйткені ол 10 желтоқсанда қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Оның кінәсі бар ма, жоқ па, сонда белгілі болады, – деді әкім үкімет отырысында.
Махамбет Досмұхамбетов сот кінәлі деген үкім шығарса, қызметінен кететінін де растады.
– Нұрлан Таубаев қызметінен кетті. Мен сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігінің дәрежесін талдай алмаймын. Уәкілетті органдар бар. Менің олармен еш араздығым жоқ, – деп жауап берді әкім.
Комментариев пока нет