Американдық миллиардер коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты
Поддержать

Американдық миллиардер коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс бүкіл әлем коронавирустың таралуымен күресу үшін барлық қажетті шараларды қабылдаса, пандемия 2022 жылы аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Гейтстің айтуынша, пандемияның қазіргі толқыны келесі жылдың наурыз айында аяқталады, өйткені коронавирустың жаңа штаммы өте тез таралуда.

— Омикронның жылдам таралғаны сонша, ол «үстемдікке» ие болғаннан кейін бұл толқын 3 айдан аз уақытқа созылуы керек. Егер біз дұрыс әрекет ететін болсақ, пандемия 2022 жылы аяқталуы мүмкін, — деп жазды ол Twitter-де.

Гейтс әлем халқын бетперде киюге, көп адамдар мен жабық орындардан аулақ болуға, вакциналар алуға шақырды. Миллиардер омикрон штаммына байланысты демалыс жоспарларының «көп бөлігін» тоқтатқанын айтты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.