Қазақстан өлім жазасынан толығымен бас тартты
Поддержать

Қазақстан өлім жазасынан толығымен бас тартты

Қазақстан өлім жазасынан толығымен ресми түрде бас тартып, осындай қадамға барған әлемдегі 106-шы ел атанды.

Сенаттың жалпы отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады.

Заңның басты мақсаты – Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге өлім жазасын жоюға бағытталған Екінші факультативтік хаттамаға сәйкес өлім жазасын жою болып табылады.

— Заң жобасы үш кодекс пен екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Қылмыстық кодексте өлім жазасын толығымен алып тастау қарастырылған. Сонымен қатар, өлім жазасы түріндегі жаза Қылмыстық кодекстің ерекше бөлігінің санкциясынан алынып тасталды, — делінген Сенат комитетінің қорытындысында.

Қылмыстық-атқару кодексі мен «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» заңда өлім жазасын орындау түсінігі алынып тасталды. Осылайша Қазақстан өлім жазасын қолданудан толығымен бас тартты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.