ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзды
Поддержать

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

– «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Instant Payments» ЖШС жолаушылар пойыздарына электронды жол жүру құжаттарын беруді және сатуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу туралы келісімге келді. Ұлттық компания бұл қызметтерді өз бетінше көрсететін болады, – делінген хабарламада.

Жол жүру құжаттары әдеттегідей BILET.RAILWAYS.KZ сайтында, билет кассаларында және онлайн қызметтерінде беріледі. Бұл ретте қызметке қолжетімділік нарықтың барлық қатысушыларына ашықтық пен транспаренттілік қағидаттарында қамтамасыз етіледі.

«Instant Payments» ЖШС-мен келісім 2014 жылы жасалған, 2023 жылдың соңына дейін жарамды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *