Нұрсұлтан Назарбаев Анталияға келді
ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Ердоғанның шақыруымен Түркияға келді.
Анталия дипломатиялық форумы – өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасуға арналған пікірталас алаңы. Бұл жолғы форум «Дипломатияны қайта құру» ұранымен өтеді.
Назарбаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Антальяға барды. Мұнда Украина мен Ресей министрлері кездеспек. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде хабарлап, Назарбаевтың Түркияға жеткен фотосын жариялады.
Бұл — Назарбаевтың Қазақстандағы Қаңтар оқиғасынан кейінгі ресми хабарланған алғашқы шетелдік сапары. Қаңтар қырғынынан соң Назарбаев жайлы ақпарат азайып кеткен еді.
Антальядағы дипломатиялық форум 11 наурызда басталады. Ал Лавров пен Кулеба кездесуі 10 наурызға жоспарланған. Ресей Украинаға соғыс ашқалы Ресей мен Украинаның ресми өкілдері мұндай деңгейде алғаш рет кездеспек. Бұған дейін екі елдің арнайы делегациялары Беларусьте үш рет келіссөз үшін кездескен.
Комментариев пока нет