Тоқаев президенттің туыстарына қандай тыйым салынатынын айтты
Поддержать

Тоқаев президенттің туыстарына қандай тыйым салынатынын айтты

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға тыйым салынады.

— Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуы тиіс. Сондықтан президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады, — деді президент.

Жолдаудың соңында мемлекет басшысы жаңа Қазақстанды құру үшін халықты бір болуға шақырды.

— Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін, — деді Тоқаев.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.