Үкімет басшысы министрлерге үндеу жасады
Поддержать

Үкімет басшысы министрлерге үндеу жасады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің келесі отырысында президент Жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық жоспар ұсынылатынын айтты.

— Жолдауда қойылған міндеттер ұсынылып отырған реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмысты көздейді. Сондықтан Әділет министрлігі үйлестіруші рөл атқаруы және мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды кейіннен Парламентке енгізу үшін барлық заң жобаларын әзірлеуді және талқылауды бастауы қажет», — деді Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы келесі отырыста мемлекет басшысының бекітуіне Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасы енгізілетінін айтты.

— Әріптестер, қазір босаңситын уақыт емес. Біз мемлекет басшысы белгілеген реформаларды іске асырудың тиімділігі үшін жауаптымыз. Біз қоғамның сенімін ақтауға тиіспіз. Осыған байланысты осы іске аса жауапкершілікпен жедел кірісуді тапсырамын, — деп түйіндеді премьер-министр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.