Ресейде жаңа төлем бірлігін құру ұсынылды - БАҚ
Поддержать

Ресейде жаңа төлем бірлігін құру ұсынылды — БАҚ

Ресей Ғылым академиясының Экономикалық болжау институты мен Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау орталығының (CMASF) экономистері Ресейге дос мемлекеттермен есеп айырысу үшін жаңа төлем бірлігін құру керек екенін мәлімдеді.

Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау орталығы (МСҚБО) мен халық шаруашылығы болжау институтының сарапшылары осындай ұсыныс айтты.

Ресейді әлемдік нарықтан шеттетіп тастаған және сыртқы сауда айналымы үшін рубль айырбастауды, сондай-ақ, Еуропаға газ экспорттағаны үшін рубльмен ақы алуды қиындатқан Батыс санкциялары дос мемлекеттермен есеп айырысу үшін қажет болатын жаңа төлем бірлігін құру туралы мәселені көтерді. Болашақта осы бірліктің қайталама нарығын құру жоспарланып отыр. Ал бұл басқа елдерге оны қосымша валюта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, — делінген ұсыныста.

Сарапшылар жаңа есеп айырысу жүйесіне ЕАЭО елдері, Қытай, Үндістан, Иран, Түркия қызығушылық танытуы мүмкін екенін айтты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.