Ердоған Қарабақ мәселесіне қатысты ескерту жасады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжан мен Армения арасындағы шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады.
Түрік басшысының айтуынша, Баку үшжақты ресми мәлімдеменің барлық шарттарын мүлтіксіз орындайды және Әзірбайжан тарапы ешқандай уағдаластықтарды бұзған жоқ.
— Әзірбайжан шабуылға тап болды және күресуге мәжбүр болды. Үшжақты мәлімдеменің шарттарына сәйкес Арменияның қарулы күштері халықаралық деңгейде танылған Әзірбайжан аумағынан шығарылуы керек, — деді Ердоған.
26 наурызда Ресей Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы Әзірбайжан қарулы күштері «Ресейдің бітімгершілік миссиясының аймағына» кірді және танылмаған республика армиясының бөлімшелеріне шабуыл жасады деп мәлімдеді. Бұл 2020 жылғы соғыстан кейінгі аймақтағы ең ауыр шиеленістердің бірі.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет