Тоқаев жаңа көмекшісін тағайындады
Ернар Баспаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
— Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, — делінген жарлықта.
Ернар Баспаев 1979 жылы Гурьев қаласында (Атырау) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі.
Фото: pricom.kz
Комментариев пока нет