Қорғаныс министрлігі неліктен әскери шеру болмайтынын айтты
Поддержать

Қорғаныс министрлігі неліктен әскери шеру болмайтынын айтты

Қорғаныс министрлігі Қазақстанда 2022 жылы Жеңіс күніне орай шеру неге өткізілмейтінін түсіндірді.

— Қазақстанда әскери шеру өткізу 2022 жылы бюджет қаражатын үнемдеу есебінен, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбайды. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін қолдау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау басым болып табылады, — деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметінде.

13 сәуірде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери шеру болмайтыны белгілі болған еді.

Айта кетейік, өткен жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізілмеді.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.