Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Алматы облысындағы «Алтын Орда» базарының мәселесі туралы айтты.
— «Алтын Ордаға» қатысты тергеу жүріп жатыр. Әділ шешім болады деп ойлаймын, бірақ шешімді күту керек. Ешкімнің жазадан жалтармайтынын көрдіңіздер. Сондықтан, егер біреу қылмыс жасаса, осы базардың иесі немесе басшысы тиісті жазаға тартылады, — деді Ерлан Қошанов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Ақпан айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды.
— Тиімсіз сауда делдалдығын тоқтататын кез келді. Мысалы, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласының және оның төңірегіндегі тұрғындар негізінен «Алтын Орда» базарынан тауарлар сатып алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын, — деді президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет