Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады.
Президентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.
Агенттік төрағасы биылғы 5 айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1000-нан астам қылмыстық іс тіркелгенін айтты. 600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Олардың 110-ы – әртүрлі деңгейдегі басшылар.
– Олжас Бектенов мемлекетке келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылды, — делінген хабарламада.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет