Украиндық әйелдер әскери есепке алынады - Exclusive
Поддержать

Украиндық әйелдер әскери есепке алынады

Украинада соғыс жағдайына байланысты халықты жұмылдыру әлі де жалғасып жатыр. 2022 жылдың 1 қазанынан бастап барлық украиндық әйелдер әскери есепке алынады.

Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы Украина әйелдерін әскери қызметке шақыру туралы жиі кездесетін жалған ақпараттарды жоққа шығарды.

18 жастан 60 жасқа дейінгі әйелдер әскерге, содан кейін соғысқа барады деген ақпарат жалған.

Әйелдерді есепке алу 2022 жылғы 1 қазаннан басталуы тиіс.

– Бұл әйелдің әскери міндет ретінде Қарулы Күштердің, Ұлттық гвардияның немесе басқа әскери құрылымдардың запасында болатынын білдіреді. Бірақ бұл тек Украина Қорғаныс министрлігінің 11.10.2021 ж. №313 бұйрығында көзделген мамандық иелері, – делінген хабарламада.

Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталық балалары бар әйелдер де әскерге алынып, балалар туыстарына беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды.

18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер әскери қызметке шақырылмайды.

Фото: Настоящее время




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *