Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын тоқтатты
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне хабарлады.
– 2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы Даут-ата — Тәжен өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Қарақалпақстан-Бейнеу бағыты бойынша теміржол қатынасын тоқтату жоспарлануда, – деп хабарлады ҰҚК.
Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтетін азаматтардан сапарларын алдын ала жоспарлауды сұрады.
– Өзбек тарапының өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарлаймыз, – деп хабарлады комитет.
Фото: atpress.kz
Комментариев пока нет