Нұр-Сұлтан қаласында ТЖД басшысы қамауға алынды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшысының қамауға алынғаны туралы хабарлады.
– Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚК 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Аталған іс бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқармасының басшысы ұсталды, оған қатысты қамауға алу шарасы тағайындалды, — делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ТЖД басқарма басшысына қатысты орталық стадион нысанын тануға көмек көрсеткені үшін ЖШС директорынан 5 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген еді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте анықталғандай, тергеу жалғасып жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет