Халық наразылығынан соң Шри-Ланка президенті отставкаға кетеді
Шри-Ланка президенті Готабай Раджапакса 13 шілдеде отставкаға кетеді. Бұл туралы Парламент спикері Махинду Япа мәлімдеді. Осылайша, елдегі билік бейбіт жолмен берілетін болады.
Сондай-ақ, Шри-Ланка премьер-министрі көтеріліс кезінде жарақат алып, сенбіде қызметінен кететінін растады.
– Үкімет жұмысын жалғастыруды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мен дұрыс шешім қабылдаймын. Мен премьер-министр қызметінен кетемін, — деп жазды ол Twitter-де.
Сенбі күні мыңдаған наразылық білдірушілер Коломбо көшелерінде ел президенті Готабай Раджапакстың отставкаға кетуін талап етті. Олар президент резиденциясына, содан кейін премьер-министрдің резиденциясына басып кірді. 30-дан астам адам зардап шеккені туралы айтылды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет