Ресей соты КҚК жұмысына қатысты шешімін өзгертті - Exclusive
Поддержать

Ресей соты КҚК жұмысына қатысты шешімін өзгертті

Ресей соты КҚК жұмысын тоқтата тұру туралы шешімді 200 мың рубль айыппұл төлеуге алмастырды.

Краснодар облыстық соты Новороссийск қаласының Приморск аудандық сотының шешіміне апелляциялық шағымды қарады.

Апелляциялық сатыдағы сот материалдарды қарап, аудандық соттың қаулысын өзгертіп, КҚК-ға 200 мың рубль (шамамен 1,5 миллион теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді.

– Қызметті дереу тоқтата тұру өндірістік процесс үшін қайтымсыз салдарға, техникалық объектідегі қолайсыз процестің пайда болуы мен дамуына әкелуі мүмкін, өйткені мұнай тасымалдауға қойылатын технологиялық талаптар өндірістік қызметті тоқтатуға мүмкіндік бермейді, – делінген хабарламада.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *