Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Алматы қаласы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Қанат Даниярұлы Таймерденов Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды. Департамент бастығы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес функционалдық міндеттерін орындайды, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
ІІМ ақпаратына сәйкес, экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды ұйымдастыратын министрліктің құрылымдық бөлімшесі.
Айта кетейік, Қанат Таймерденов Алматы полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет