Дариға Назарбаеваға тиесілі «Караван» газеті жұмысын тоқтатты
1 қыркүйектен бастап «Караван» басылымы баспа нұсқасында шығуын тоқтатады.
«Караван» газетінің сайты бұрынғыдай жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Forbes журналы хабарлады.
Газеттің бас редакторы Игорь Шахнович басылымның баспа нұсқасының тоқтатылғанын растады.
– Газет рентабельді емес. Сайт қандай режимде жұмыс істесе, сол режимде жұмыс істейтін болады. Біз оны дамытуымыз мүмкін. Бірақ менсіз, мен кетемін. Сайтты Леонид Юрьев басқарды, ол бас редактор болып қала береді, – деді газеттің бас редакторы.
«Караван» газетінің қазіргі құрылтайшысы – Нұрсұлтан Назарбаев қоры құрған «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС. Қордың директоры Дариға Назарбаева.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет