Сатыбалды мен Боранбаевтың шетелдегі 230 млрд теңгесі елге қайтарылды
Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың шетелге заңсыз шығарылған активтері мемлекетке қайтарылды.
Қайрат Сатыбалдыұлы мен Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Боранбаев, «ӨКМ» ЖШС операторының басшыларына қатысты тергеп-тексеру нәтижесінде шамамен 230 млрд теңге қайтарылған.
Antikor айыпталушылардың Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарғанын хабарлады.
Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ, «Көліктік сервис орталығы» АҚ және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша 36 млрд теңге өтелді.
Фото: ашық дереккөз
1 Комментарий
Бәсе,олар ондай жігіттер емес сияқты еді…